Қарағанды облысының еріктілері балалар алаңдарын абаттандыруда

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Saryarqa Jastary еріктілердің облыстық штабы балалардың ойын алаңдарын абаттандыруға және қалпына келтіруге бағытталған «Барлығы балалар үшін» акциясын өткізеді.

Волонтерлік ұйымдар Қарағанды облысының 40 балалар алаңын қалпына келтіріп, сырлайды және дезинфекциялайды. Жас қарағандылықтарды дәмді балмұздақпен қамтамасыз етеді.

– Балаларды қорғау күні – бұл бүкіл әлемде балаларға қуаныш әкелетін мереке ғана емес, сонымен қатар қоғамның кішкентай мүшелерінің құқықтарын қорғайтын және оларды қорғауға шақыратын мереке. Балалар көшеде көп уақыт өткізеді, ойнайды. Балалар ойын алаңдары жарамсыз болып, бастапқы түрін жоғалтады. Міне, біз оларды ретке келтіріп, сырлау туралы шешім қабылдадық. Әрине, айналадағы әсемдік балалардың қиялын оятып, олардың дамуына әсер етеді, – дейді Saryarka Jastary облыстық штабының еріктісі Аида Қайырбекова.

Қайырымдылық жасауға жобаның демеушілері – облыс кәсіпкерлері де көмектесуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған