Қарағанды облысының автожолдарында қар құрсауынан автокөліктер эвакуацияланды және тоғыз адам құтқарылды

Қарағанды облысында 12 қаңтарда ауа райының нашарлауына байланысты барлық бағыттар бойынша барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды. Елді мекендерден тыс жерлерге шыққан адамдар қиын жағдайға тап болды. ТЖД бөлімшелері қар құрсауында қалған автокөліктерден тоғыз адамды құтқарып, эвакуациялады.

Құтқару операциялары Абай, Бұқар Жырау және Осакаров аудандарының автожолдарында жүргізілді.

Сонымен қатар, автокөліктердің жүруінің қиындығына және ауруханаға жатқызу қажеттілігіне байланысты Бұқар Жырау ауданы Баймырза ауылының құтқарушыларының күшімен 2020 жылы туған бала Теміртау ауруханасына жеткізілді.

Төтенше жағдайлар департаменті Қарағанды облысының тұрғындарынан елді мекендерден тыс жерлерге және алыс қашықтықтарға, әсіресе түнде және ауа райы нашарлаған кезде жаяу жүруден бас тартуды сұрайды.

Жүргізушілерге автожолдардағы қозғалысты жабу немесе шектеу туралы ақпаратты қадағалауға кеңес беріледі.

Ауа райының өзгеруі және автожолдардың жағдайы туралы жедел ақпарат Darmen мобильдік қосымшасында, ТЖД ресми сайтында қолжетімді.

Оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы 112 немесе (8-7212) 43-36-36, 43-37-37-ге хабарласу керек.

Қарағанды облысы ТЖД хабарлауынша

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған