Қарағанды облысының 376 мектебі қашықтықтан оқытуға көшеді

Төртінші тоқсан басталысымен облыстың көптеген мектептері қашықтықтан оқыту форматына көшеді. Мұндай шараларға аймақ басшылығы COVID-19 таралуына жол бермеу үшін барды.

Оқушылар қалай айналыстыны және өңіріміз осындай жаңа әдіске қаншалықты дайын екенін Білім басқармасының жетекшісі Есенғазы Иманғалиев мәлімдеді.

– 6 сәуірде 208 қалалық мектеп қашықтықтан оқытуға көшеді – бұл 155 095 оқушы және 168 ауылдық мектеп, онда 38 519 оқушы шұғылданады. Сабақтар Google Classroom, Daryn, online.kz, Edupage.org, Moodle және Zoom платформаларында өтеді, – деді ол.

131 ауылдық мектептерде оқыту дәстүрлі түрде жалғасады. Бұл облыстың шалғай аудандарындағы мектептер, онда оқушылар саны 80 адамнан кем. Екі ауысымда оқитын болады, кабинеттік жүйе тоқтатылады. Ғимараттың өзінде санитарлық тәртіп күшейтіледі.

Қазір өңірде барлық мұғалімдер мен оқушыларды гаджеттер мен компьютерлермен, сондай-ақ интернетке үздіксіз қолжетімділікпен қамтамасыз етуге тырысады. Жергілікті атқарушы органдар компьютерлер мен планшеттерді сатып алуға қаражат бөлу бойынша жұмыс жүргізуде. Облыстың сегіз аймағында 2 409 компьютер мен планшет сатып алуға 377 млн теңге бөлінді.
Мұғалімдердің 92,5 %-ы қашықтықтан сабақ жүргізу мүмкіндігіне ие.
Оқушылардың 95,1% компьютерлермен және гаджеттермен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ ұялы байланыс операторларымен қашықтан оқыту кезеңінде желіге қосылу проблемалары бар оқушыларға тегін негізде мобильді интернет қызметін ұсыну туралы жұмыс басталды.
Аймақтың барлық интернет-провайдерлерімен олар нөл және минустік баланста да пайдаланушыларды қызметтен ажыратпайды деген уағдаластық бар. Цифрландыру басқармасының басшысы Рустам Байжанов желіге түсетін жүктемеге қарамастан, қашықтықтан оқытуға көшуге байланысты олар іркіліссіз жұмыс істейтін болады деп атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған