Қарағанды облысының 3,5 мыңнан астам медицина қызметкері қыркүйек айында жалақыға үстемақы алады

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қарағанды облысында алдын ала есептеулер бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін жалақыға 843,3 миллион теңгеден астам сомаға 3 504 медицина қызметкері үстемеақы алады. Қазіргі уақытта үстемеақы алушылардың тізімін қалыптастыру бойынша өңірлік комиссиялардың жұмысы аяқталуда.

– Қауіпті инфекциямен күресу бойынша жұмысқа тартылатын дәрігерлердің саны эпидемиологиялық жағдайға байланысты ай сайын өзгеріп отырады. Төлем мөлшері ҚР Денсаулық сақтау Министрлігімен бекітілген және тәуекел тобына байланысты. Медицина қызметкерлері 212 мыңнан 850 мың теңгеге дейін қосымша ақы алады, – деді Медициналық сақтандыру қоры Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев.

Жалпы, еліміз бойынша қыркүйек айында 40 мыңнан астам медицина қызметкері қосымша ақы алады – бұл 10 миллиард теңгеден астам сома.

Жалпы Қазақстанда наурыз-тамыз айларын қоса алғанда 73,7 миллиард теңге сомасында 301 054 дәрігер жалақысына қосымша төлем алды.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған