Қарағанды облысында жылу беру маусымы 1 мамырға дейін аяқталады

Өңірімізде жылу беру маусымы аяқталуға жақын. Қаражал және Приозерск елді мекендерінде қазірдің өзінде жылу беру доғарылды. Облыстың басқа қалалары мен аудандарында жылу кесте бойынша тоқтатылатын болады.

Толығымен барлық аймақтарда жылыту жүйесін өшіру 1 мамырға жоспарланып отыр. Ол үшін сыртқы ауа температурасы қатарынан бес күн бойы 8 градустан жоғары болуы тиіс.
Жылыту маусымы аяқталуының алдын ала болжаланып отырған күндері:
Қарағанды – 1 мамыр; Балқаш – 17 сәуір, Жезқазған – 17 сәуір; Саран – 20 сәуір; Сәтпаев – 1 мамыр; Теміртау – 20 сәуір; Шахтинск – 21 Сәуір; Абай ауданы – 1 мамыр; Ақтоғай ауданы-15 сәуір; Бұқар Жырау ауданы – 15 сәуір; Жаңаарқа ауданы – 1 мамыр; Қарқаралы ауданы – 15 сәуір; Нұра ауданы – 16 сәуір; Осакаров ауданы – 1 мамыр; Ұлытау ауданы – 15 сәуір; Шет ауданы – 20 Сәуір.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған