Қарағанды облысында жер заңдарының сақталуына қатысты 77 жоспардан тыс тексерулер өткізілді

«Қарағанды облысының жерінің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау» мемлекеттік мекемесі 2020 жылдың 1 тоқсанында 48 га құрайтын жер алаңында жер заңнамасын бұзу мәселесі бойынша 77 жоспардан тыс тексеріс жүргізді.

Тексерулер нәтижелері бойынша 53 бұзушылық фактісі анықталды, оның ішінде:
– жерге мемлекеттік меншік құқығының бұзылуы (өз бетiнше иеленiп алу) – 38 факт;
– жерді ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау – 13 факт;
– мақсатсыз пайдалану- 1 факт;
– жер учаскелерін беру туралы өтініштерді қараудың белгіленген мерзімдерін бұзу – 1 факт.

Сонымен қатар, мораторийдің ережелерін ескере отырып, кәсіпкерлік субъектісіне жататындығына байланысты 45 субъектіге тексеру жүргізу мүмкін болмады. Осылайша, Басқармамен ағымдағы жылы жүргізілген тексерулердің саны шамамен 50% -ға азайды.

Сондай-ақ ТЖ режиміне байналысты Басқарма мамандарды (қызметкерлерді) аймақтарға жіберуді қарастыратын тексерулердің барлық түрлері тоқтатылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған