Қарағанды облысында жедел жәрдем шақыру саны үш есеге қысқарды

Соңғы екі апта ішінде Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды. Қазіргі уақытта пациенттерді тәуліктік шығару емдеуге жатқызуға қарағанда жоғары. Стационарларға жүктеме төмендеді.

Қарағанды облысында жұқпалы және пульмопровизорлық бейіндегі 4 486 төсек бар. Жұқпалы және провизорлық госпитальдардағы төсектердің жүктемесі 50%-ға дейін азайды. Қазір облыс стационарларында 2 433 науқас емделуде. Эпидемия басталғаннан бері 4 403 науқас сауығып кетті – бұл жұқтырғандардың жалпы санының 62%-ы.

Сонымен қатар жедел жәрдемге жүгіну саны да азайды. Бұрын диспетчерлер тәулігіне 2 200 шақырылымға дейін қабылдаса, қазір 600-ге дейін қоңырау қабылдайды.

– Жедел жәрдем шақырулары үш есе азайды. Төсек-орын бар, бүгінде олардың 50%-ы бос және резервте тұр. Екі апта бұрын бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары болды және 80%-ды құраған болатын, – деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, өңірде ауруханалардың жабдықталуына ерекше көңіл бөлінеді. Науқастарды оттегімен қамтамасыз ету үшін 1 500 концентратор сатып алынды, сондай-ақ бес объектіге медициналық газ берудің орталықтандырылған жүйесі орнатылды.

Қазір 90 ӨЖЖ аппарат сатып алынып, олардың 10-ы осы аптада жеткізілетін болады. Жақында демеушілер өз қаражаты есебінен Түркиядан сатып алып, Қарағандыға 100 оттегі концентраттарын және қажетті дәрі-дәрмектерді, соның ішінде антикоагулянттарды алып келді.

– Бүгінде 17 компьютерлік томография кабинеті жұмыс істейді. Қазан айында тағы бесеуі – Шахтинск, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев қалаларында орнатылады. Сонымен қатар, біз 25 заманауи сандық рентген аппаратын сатып аламыз, – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, өңірде дәрілік заттардың стратегиялық қорын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ресейден 17 тонна дәрі келіп түсті. Дәрі-дәрмектерді жеткізуді үш есе ұлғайту жоспарлануда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған