Қарағанды облысында жалған антисептиктер дайындалған

Қарағанды облысында коммерциялық кәсіпорындарының бірінің басшысы қолға арналған антисептиктерді тиісті құжаттарсыз өндіріп, сатқан. Одан үш тоннадан астам дезинфекциялық зат тәркіленді.

2 сәуір күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті жалған антисептикалық препаратты өндіру мен сатудың алдын алды.

Елде жарияланған төтенше жағдай кезінде Қарағандыда бір коммерциялық кәсіпорынның басшысы (бұрын бояуларды өндірумен айналысқан) тиісті құжаттарсыз қолға арналған антисептикалық заттарды өндіріп, сатқан.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде белгісіз құрамдағы антисептикалық препараттарды өндіруге және құюға арналған жабдықтары бар шеберхана анықталды. Бір литрі 3000 теңгеден сатылған үш тоннадан астам антисептиктер мен 40 литр өнеркәсіптік спирт тәркіленді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (бұл санкция 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді), өндірілген және сатылған өнімнің барлық көлемін анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мәліметі бойынша

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған