Қарағанды облысында жаңа жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүріп жатыр

Қарағанды облысы алдағы жылыту маусымына дайындалуда. Қазірдің өзінде ЖЭО мен МАЭС, жылу, су және электр желілеріндегі жабдықтарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл 8 жылу электр станцияларында 43 қазандық пен 16 турбина жөнделеді.

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте алдағы маусымға дайындық пен оның қорытындылары талқыланды.

– Өткен жылыту маусымына тіршілікті қамтамасыз етудің барлық құралдары, қазандықтар мен әлеуметтік нысандар уақтылы дайындалды. Әлеуметтік нысандар және халық 100% көмірмен қамтамасыз етілді. Жылу беру маусымына дайындық сапасының арқасында өңірде жылыту маусымы үздіксіз өткізіліп, төтенше оқиғаларсыз аяқталды. Жылу беру маусымы барысында жылыту кестесінен ауытқулар кейбір энергия генерациялайтын ұйымдарда тіркелсе де, бұл тұтынушыларға жылу беруге әсер етпеді, – деп атап өтті Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов.

Биыл 8 жылу электр станцияларында 43 қазандық пен 16 турбина жөнделеді. 40,1 шақырым жылу желілерін, 377,5 шақырым су құбыры және кәріз желілерін, 24,78 шақырым электр желілерін ретке келтіреді. Жөндеу жұмыстарына «Нұрлы Жол» және «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламалары бойынша қаражат бөлінді.

Қарағандыда «Теплотранзит» ЖШС 2,8 шақырым желіні, «Қарағанды Су» – 96 шақырым, «Қарағанды Жарық» – 29 шақырым және 32 қосалқы станцияны жөндеуден өткізді.

Барлық жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған