Қарағанды облысында жаңа карантинді жеңілдету аясында балық аулауға және жаттығуға болады

Қарағанды облысында, Теміртау мен Бұқар Жырау ауданының Ботақара кентінен басқа елді мекедерінде 18 мамырдан бастап карантиндік шараларды жеңілдетудің кезекті кезеңі енгізіледі. Қалалар арасындағы автобус қатынасы жаңартылуда. Тұрғындарға аң аулау және балық аулауға рұқсат етілді. Спорттық кешендер, моншалар мен сауналар келушілердің санын шектей отырып және санитарлық-карантиндік талаптарды сақтап жұмыс істейтін болады.

Облыс әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров Saryarqa телеарнасында тікелей эфирде өткен брифингте өңірдегі жаңа карантинді жеңілдету туралы әңгімеледі.

– 18 мамырдан бастап Қарағанды облысында Теміртау мен Ботақара кентінен басқа елді мекендерде карантин шараларын жеңілдетудің келесі кезеңі енгізіледі. Қарағанды – Абай, Қарағанды – Саран, Қарағанды – Шахтинск, Қарағанды-Шахан, Қарағанды – Топар, Жезқазған – Сәтбаев бағыттары бойынша автобус маршруттары жаңартылуда. Мүлікті бағалау жөніндегі компания мен аудиторлық кеңселер жұмысына кірісе алады. Бассейндерді қоспағанда, спорт нысандары ашылады, шұғылданушылар саны 30 адамнан аспауы тиіс. Бұрынғысынша көрермендердің қатысуымен жарыстар мен бұқаралық іс-шараларға тыйым салынған, – деді Әлішер Әбдіқадыров.

Күшейтілген карантиндегі аумақтар – Теміртау мен Ботақара кентінен басқа еллі мекендерлк аң аулау мен балық аулауға баруға болады.

Әлішер Әбдіқадыровтың айтуынша, 25 мамырдан бастап балабақшаларда 10 адамға дейін кезекші топтар ашу жоспарлануда (Теміртау мен Ботақараны қоспағанда). Қазір қажетті дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Жолаушыларға қызмет көрсету үшін Қарағанды автовокзалы, Шахтинск, Абай, Саран, Жезқазған, Сәтбаев, Топар және Шахан кенттерінің автостанциялары ашылады.

Сауда-ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлері мен бизнес-орталықтарда (Теміртау мен Ботақараны қоспағанда) бірінші қабатта орналасқан дүкендер жұмыс істей алады. Қанат Асқаровтың айтуынша, бұл рұқсат тек көшеден бөлек кіре алатын және басқа бөлімдерден оқшауланған нысандарға ғана қатысты.

Моншалар мен сауналарға сыйымдылығынан жартылай ғана келушілерді қабылдау және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындай отырып (Теміртау мен Ботақарадан басқа) жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Келушілер кемінде екі метр қашықтықты сақтауы тиіс.

Вахтаны өткізу кезінде Қарағанды облысына басқа өңірлерден вахтаға немесе вахтадан келетін қызметкерлердің қызметі басталғанға немесе аяқталғанға дейін кемінде 3 күн бұрын жасалған коронавирустық инфекцияға ПТР-диагностика нәтижесі болуы тиіс.

– Барлық ашылатын нысандарда күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау міндетін еске салғым келеді. Кәсіпорын иелері, басшылары қызметкерлердің денсаулығына жауапты. Жұқтыру қаупі әлі де жоғары. Коронавирустық инфекцияны біз әлі жеңген жоқпыз. Өзіңіздеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар. Жеке гигиена ережелерін, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыздар. Мүмкіндігінше үйлеріңізде қалыңыздар, – деді облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған