Қарағанды облысындағы шектеу шараларын төмендету туралы

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

Премьер-министрдің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирустық инфекцияның пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысында халық және мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып елдегі шектеу шараларын жеңілдету бойынша қосымша шешімдер қабылданды.

Осыған байланысты, 2020 жылғы 1 маусымнан:
– Қарағанды облысының, Теміртау қаласының және Бұқар Жырау ауданының Ботақара кентінің карантиндік аймағының периметрінен блокпосталар алынып тасталады;
– діни мақсаттағы нысандардың жұмысы діни рәсімдерге қатысатын адам санын 30 асырмай, адамдар арасында екі метрден кем емес әлеуметтік арақашықтықты, маска режимін, желдету режимін және санитариялық-дезинфекциялау режимін күшейту арқылы қайта басталады;
– облысаралық, қалааралық, қалаіші, ауданіші, ауданаралық жолаушылар тасымалы жұмыстарын қайта бастайды. Тиісінше, Қарағанды облысының барлық аумағында санитариялық-дезинфекциялау режимін күшейту арқылы автовокзалдар мен автостанциялар жұмыстарын бастайтын болады;
– санитариялық және дезинфекциялау режимін күшейту арқылы ғимараттан тыс және ғимарат ішінде орналасқан азық-түліктік емес базарлардың жұмыс істеулеріне рұқсат етіледі;

2020 жылғы 1 маусымнан бастап Теміртау қаласында, Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде келесі:
– қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде жазғы алаңдардың (сауда үйлерінде, сауда-ойын-сауық орталықтарында, бизнес-орталықтарда, базарларда орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінен басқа) 30 адамға дейін келушілер санын шектеумен, үстелдердің арасындағы қашықтықты 2 метрден кем емес арақашықтығын сақтай отырып, той, банкет және т. б. ұжымдық іс-шараларды өткізбеу, санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, әрбір үстелде төрт адамнан артық болмауы тиіс;
– сауда үйлері (орталықтар), сауда-ойын-сауық орталықтары, бизнес орталықтар, оларда орналасқан ойын-сауық объектілерінің (кинотеатрлар, балалардың ойын алаңдары, аттракциондар, қатынастық хайуанаттар парктері, балалар поездары) және қоғамдық тамақтану объектілеріне (оның ішінде фудкорттар, кулинария, дәмханалар, кофеханалар және т.б.);
– қонақ үйлері, отель, хостелдер;
– бизнес орталықтары, офистер;
– балабақшаларындағы кезекші топтар қызметі. Осы ретте балалар топтарын бөлек кіру, шығу есіктері бар топтарда ашылады. Топтардағы балалар саны 10-нан аспауы, жатын орындары арасында 1 метрден кем емес қашықтықты сақтай отырып жұмыс жасауларына рұқсат етіледі;
– шаштараздар, сән салондары және косметикалық қызметтер (алдын ала жазылу арқылы), оның ішінде сауда үйлерінде, орталықтарында, бизнес орталықтарында және басқа да объектілерде орналасқандары және жұмыс режимі сағат 20.00 дейін жұмыс жасайды.

Қызметті қайта бастамас бұрын нысандардың басшылары propusk.kz порталына тапсырыс беру керек және дайындық туралы акт алуы тиіс.
Жұмыскерлердің денсаулығына, коронавирус инфекциясын жұқтыру мен тарату қаупіне, сонымен бірге аталған талаптардың сақталуына ұйымның меншік иесі мен басшысы жауапты екенін еске саламын!

Құрметті Қарағанды облысы тұрғындары!

Коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын, атап айтқанда: бетперде кию, жеке басы тазалығын, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, қарым-қатынасты азайту сияқты аурудың алдын-алу шараларын қатаң сақтау қажеттілігін еске саламын.
Дендеріңіз сау болсын, өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған