Қарағанды облысындағы машина жасау саласы дамуда

Қарағанды облысында экономиканы дамыту драйверлерінің бірі машина жасау болып табылады. Бұл салада жаңа өндірістер құру және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту бойынша 15 жоба іске асырылды. Ол өз кезегінде шектес салалардың дамуына серпін береді және жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етеді.

Облыста машина жасауда бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда. Оның ішінде ең ауқымдысы – бұрынғы РТБ зауыты базасында іске қосылған Саран қаласында Yutong маркалы автобустар мен арнайы техника өндірісі.

Облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңесте машина жасауды дамыту мәселесі талқыланды.

– Облыста 140-қа жуық машина жасау кәсіпорындары жұмыс істейді, оның ішінде 20 ірі және орта кәсіпорындар бар. 5 айдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 62 млрд теңгені құрады – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 млрд теңгеге артық (НКИ – 114,1%). Өңдеу өнеркәсібіндегі машина жасау үлесі 7%-ды құрайды, – деп хабарлады Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмасұлтанов.

Негізгі бағыт тау-кен-шахта жабдықтарына қызмет көрсету болып табылады, деп атап өтті ол.

2010 жылдан бастап машина жасау саласында 40 млрд теңгеден астам сомаға 15 жоба іске асырылды. Облыста жаңа өнімдер шығарыла бастады: шарлы крандар, көтергіш-көлік жабдығы, жарық диодты шамдар, әуе сүзгілер және т. б.

Ғалымжан Жұмасұлтанов машина жасаудың жаңа ірі жобалары туралы айтып өтті.

– Ең басты жоба – Саран қаласында бұрынғы РТБ зауыты базасындағы Yutong маркалы автобустар мен арнайы техника өндірісін құру басталды. Жоба жаңа өсу нүктесіне айналады және облыс экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті басқарма басшысы. – Жыл сайын 1 200 автобус пен 500 арнайы техника және арнайы көлік шығару жоспарлануда. 400 жұмыс орны ашылады.

Инвестор – Yutong компаниясы – автобус өндірісі бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады. Бірінші автобусты жыл соңына дейін шығару жоспарланып отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған