Қарағанды облысында ТЖ әрекет ету кезеңіне интернет жылдамдығы арттырылады

Аймақтың интернет провайдерлері деректерді беру арналарының өткізу қабілетін арттырады. Бұл төтенше жағдай кезінде интернет жылдамдығына оң әсер етеді. «Қазақтелеком» АҚ және «Транстелеком» өз абоненттерін белгіленген байланыс қызметтерінен, Интернетке қол жеткізуден және қарыз болған жағдайда сандық теледидардан ажыратпайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді ақпараттандыру және мұрағаттар басқармасы басшысының м.а. Константин Ильницкий өңірде үздіксіз интернет-қосылысты қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қолданатыны туралы тікелей эфирде айтып берді.

Төтенше жағдай режимі кезеңінде ведомство байланыс операторларымен халықты қолдау шаралары туралы тұрақты келіссөздер жүргізеді.
– «Қазақтелеком» және «Транстелеком» компаниялары абоненттерді қолдауға және карантиннің әрекет ету кезеңінде қызметтерді төлеу бойынша берешегі бар адамдарды интернет желісінен ажыратпауға шешім қабылдады. «КазТрансКом» өздеріне қосылған білім беру мекемелері үшін деректерді беру арналарының өткізу қабілетін арттырады, – деді Константин Ильницкий.

Ол сондай-ақ, «Билайн», Кcell және «Теле2» ұялы желілерінің операторлары білім беру ресурстары мен ЖОО-ның сайттарына, электрондық анықтамалық деректер базасына, онлайн-күнделікке, электрондық білім беру порталдарына сертификатталмаған қолжетімділікті ұсынады. Бұл платформаларды трафик есебінсіз, тіпті интернет-тарифтері шектелген адамдар пайдалана алады.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысында 417 ауылдың 244-і кең жолақты интернетке және төртінші буындағы мобильді желіге қосылған. Биыл мемлекеттік-жеке меншік серіктестік бағдарламасы бойынша бұл қызметтерді тағы 54 ауыл алады.
Одан кейін аймақта 250 адамнан астам халқы бар 84 ауылды интернетпен қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асыруға кіріседі.
Интернет байланысы мен тарифтерге қатысты сұрақтарды 109 бірыңғай нөмірі бойынша немесе интернет провайдеріне қоңырау шалып, қоюға болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған