Қарағанды облысында тағы бес адам коронавирустан сауығып кетті

Бүгін, 28 мамырда, Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырған бес пациент жазылып шықты.

Бұқар Жырау ауданының 1975 және 1996 ж.т. екі тұрғынынан, Абай ауданының 1994 ж. т. әйелінен, қарағандылық 1995 ж. т. Бойжеткеннен және Атырау қаласының 1987 ж. т. ер азаматтарынан дәрігерлер бұрын орташа дәрежедегі КВИ дертін анықтаған болатын.
Толық емдеу курсынан өткен соң және ПТР-талдау екі мәрте теріс нәтиже көрсеткеннен кейін пациенттер үй карантинін сақтау шартымен ауруханадан шығарылды.

28 мамырға келіп түскен мәліметтерге сай, Қарағанды облысында сауыққандардың жалпы саны – 209 адам.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған