Қарағанды облысында төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 229 әкімшілік ic қозғалды

Қарағанды облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Жанатай Сембеков аймақ тұрғындарына карантиндік шараларды орындау жөнінде өтініш білдірді.

– ТЖ режимін бұзғаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл (26 мың 510 теңге) немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу ретінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, – деп ескертті Жанатай Сембеков.

Өңірде төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 229 әкімшілік ic қозғалған. Оның ішінде 195 іс бойынша 97 айыппұл салынды, 96 адам қамауға алынды, 2 ескерту жасалды. Бұдан басқа, жалған ақпарат таратылған әлеуметтік желілер мен мессенджерлер мониторингінің нәтижелері бойынша ішкі істер органдары 10 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.