Қарағанды облысында тұрмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу күшейтілуде

Карантин жағдайында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды күшейту қажеттілігі туындады. Қарағанды облысының әкімдігінде отбасылық жанжалдардың алдын алу мәселесі талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов бұл тақырып аясында онлайн-конференция өткізді.

– Төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап күнделікті жедел мәліметтерді талдау барысы облыста жалпы қылмыстың төмендеуі аясында тұрмыстық құқық бұзушылықтардың шамалы өскенін көрсетті. Барлық фактілер тексерілуде. Қол жұмсаудан әйелдер зардап шегеді. Көбінесе жанжалдар маскүнемдікке байланысты туындайды, – деп түсіндірді Қарағанды облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Арман Оразбаев.

Ол сондай-ақ карантин басталғаннан бері учаскелік инспекторлар блок бекеттердегі қызметтерге жұмылдырылғанын ататп өтті. Қазір олар өз әкімшілік аумағына оралады. Көшелерде және қоғамдық орындарда тәртіпті патрульдік қызмет мамандары мен Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, басқа қызметтер есебінен қосымша күштер тартылды, сондай-ақ полиция департаменті аппаратының, Қарағанды және Теміртау полиция басқармаларының қызметкерлері жұмылдырылды.

Тәртіп сақшылары рейдтер мен алдын алу шараларын өткізуде. Полиция қызметкерлері есепте тіркеуде тұрған тұлғаларды және тұрмысы төмен отбасыларды аралап шықты.
Отбасылық жанжалқойлар жазасыз қалмайды. Тұрмыстық құқық бұзушылыққа барған 133 адам әкімшілік қамауға алынды, 329 уақытша ұстау камераларына қамауға алынды. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жанжал шығарушыларға алкогольдік өнімдерді ішуге тыйым салуға дейін қарастыратын қорғаныс ұйғарымдарын шығарды.
Алькоголь өнімдерін тыйым салынған уақытта сатудың алдын алу мақсатында рейдтер сауда нүктелеріне де жүргізілуде.
Облыста қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету жүйесін дамытатын болады. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар бұл бағытта күш біріктірді. Медиация қызметі жұмыс істейді. Құқықтық және психологиялық кеңестер алуға болады.

Облыстың алты қаласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша қаржыландырылатын дағдарыс орталықтары жұмыс істей бастайды. Жезқазғанда тағы бір осындай мекеме ашу жоспарлануда. Абай ауданында әлеуметтік-психологиялық қолдау қызметіне қаражат бөлінеді.

Абзал Нүкенов Қарағандыда тағы бір дағдарыс орталығын ашуды тапсырды. Бұл мекемелер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында аталмыш нысандарға жыл сайын конкурс жарияламау үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс үш жыл мерзімге берілуі тиіс, деп атап өтті ол. Дағдарыс орталықтарының қызметі бойынша жұртшылықтың қатысуымен жұмыс тобы құрылатын болады. Облыс әкімінің орынбасары тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысты мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған