Қарағанды облысында тұрғын үй құрылысының қарқыны 10,3%-ға артты

Қарағанды облысы көбірек тұрғын үй салуда. 2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 105,5%-ды құрады, оның ішінде тұрғын үйді қолданысқа беру қарқыны 10,3%-ға немесе 391,6 мың шаршы метрге ұлғайды. Осы уақыт ішінде кезекте тұрғандар саны 6%-ға азайды.

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

– Желтоқсанға қарай шамамен 600 мың шаршы метрді қолданысқа енгізуді жоспарлап отырмыз, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 25%-ға артық, – деп атап өтті облыс басшысы.

Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасын 560 отбасы пайдаланды. Жыл соңына дейін барлық бағдарламалар мен демеушілік көмек есебінен 2 676 отбасы, оның ішінде 653 көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған