Қарағанды облысында шектеу шаралары қайта енгізіледі

Қарағанды облысы COVID-19 аурушаңдығының 7% көрсеткішінен асып кетті. 13 маусымнан бастап кейбір карантиндік шаралар жаңартылады, оның ішінде қоғамдық және сауда объектілерінің жұмыс уақыты шектелмек. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Қарағанды облысында коронавирустық инфекция жұқтыру жағдайлары көбейіп келеді. Тек соңғы аптада ғана 303 симптомсыз вирус тасымалдаушы анықталған, ал өткен тәулікте 52 ауру тіркелді. Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Саран, Қарқаралы, Шет, Бұқар Жырау және Абай аудандарында жұқтырғандар саны көп.

Сырқаттанғандардың басым бөлігі жаппай отбасылық іс-шаралардан кейін анықталуда.

– Адамдар өзін-өзі оқшаулау, әлеуметтік қашықтық және басқа да санитарлық ұсыныстарды бұзуды жалғастыруда. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің талаптарына сәйкес, егер өңірде аурушаңдықтың өсімі 7%-дан асса, карантиндік шаралар қайта жандандырылады. Біздің облыста бұл көрсеткіш 7,3% құрайды. Сондықтан 13 маусымнан бастап белгілі бір шектеулер қабылданады, – деді Қарағанды облысының әкімі.

13 маусымнан бастап карантин аймағының периметрлері – Жезқазған, Қарқаралы ауданы, Шет ауданының Жарық кенті қоршалады және блок бекеттер орнатылады.

Мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс режиміне көшіріледі.

Қоғамдық және сауда объектілерінің жұмысы уақыты шектеледі.

– Құрметті қарағандылықтар! Мен осы күрделі кезеңде өз-өзімізді және жақындарымызды барынша қауіпсіздендіру үшін саналық танытатын және шаралар қолданатын барлық адамдарға алғысымды білдіремін. Барлықтарыңызды сабырлық танытуға шақырамын. Жақын арада үйреншікті өмір салтымызға оралу тек сіз бен біздің әрекеттерімізге байланысты, – деді Жеңіс Қасымбек аймақ тұрғындарына.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған