Қарағанды облысында үш мың отбасы Құрбан айтта азық-түлік алды

Қарағанды облысында Құрбан айт құрметіне үш мыңнан астам аз қамтылған отбасы ет алды. Сондай-ақ мұқтаж адамдарға жалпы сомасы 4 миллион 211 мың теңгеге азық-түлік жиынтығы тапсырылды.

Облыс аумағында 243 мешіт жұмыс істейді. Қала әкімшіліктері мен мешіт өкілдері арасындағы келісім бойынша мал соятын орындарды дайындау және оларды қажетті жабдықтармен жарақтандыру бойынша іс-шаралар жасалды.

Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында 18 мал соятын орындар, оның ішінде ет сақтауға арналған 51 тоңазытқыш, тасымалдауға арналған 79 көлік белгіленді. 93 қасапшы тұтас етті бөліп отырды. 200 астам еріктілер осы етті таратумен айналысты.

Іс барысы жауапты полиция қызметкерлерінің, ветеринарлардың және санитариялық дәрігерлердің бақылауында болды.

lenta.inform.kz/ru

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған