Қарағанды облысында құрылыс және жол мамандары қажет

Қарағанды облысында Жұмыспен қамту орталықтары инфрақұрылымдық жобаларға жұмыс күшін тартуға жұмылдырылған. Ол үшін 18 жылжымалы рекрут пункттері құрылды. аталмыш пункттердің сегіз мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі бар.

Облыста Жұмыспен қамтудың жол картасына 625 жоба енді. Оларды іске асыруға 63,7 млрд теңге бөлінді. 16 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Жұмыссыздарға жұмысқа орналастыру ұсынылады. Бұл санатқа бос орындардың жартысы бөлінген.

Әр түрлі мамандықтағы жұмысшылар қажет: бетоншылар, тас қалаушы, плитка салушылар, электриктер, дәнекерлеушілер, экскаватор машинисі, бульдозерист, металл құрылымдарын монтаждаушылар, суық металл кесуші, электр монтаждаушылар, токарь, сылақшы-сырлаушы, пластик құбырларды орнатушылар, әртүрлі жұмысшылар және т. б.

Іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларда 1 338 жұмыс орны құрылды. Жұмыспен қамту орталықтары 670 адамды жұмысқа жіберді.

Жобалар спектрі әртүрлі. Бұл жаңа құрылыстар, мектептер, ауруханалар, мәдениет үйлері мен басқа да әлеуметтік нысандарды жөндеу. Сондай-ақ, жолдарды салу және жөндеу, инженерлік коммуникацияларды қайта жаңарту. Сонымен қатар, жаңа балалар мен спорт алаңдарын салу, саябақтар мен гүлзарларды абаттандыру жоспарлануда.

Географиясы да кең. Биылғы жылы Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша жұмыстар облыстың 140 елді мекенінде жүргізілетін болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған