Қарағанды облысында қосымша шектеу шаралары енгізіледі

Қарағанды облысының коронавирус дерті орташа облыстық көрсеткіштен асып кеткен кейбір қалалары мен аудандарында 20 наурыздан бастап қосымша шектеулер енгізіледі. Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Приозерск, Абай және Ақтоғай аудандарында карантин күшейтіледі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгин хабарлады.

Аталған қалалар мен аудандарда келесі нысандар жұмыс істемейді:

– шағын орталықтар;

– жалпы білім беретін мектептерде орналасқан секциялар мен үйірмелер;

– банкет залдары;

– театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, цирк;

– мәдениет нысандары, оның ішінде дайындық;

– ата-анасының өтініші бойынша 15 балаға дейін топтастырылған мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтарды қоспағанда).

Келесі әрекеттерге тыйым салынады:

– сабақтан тыс уақытта жеке оқыту, оқушылардың халықаралық спорттық, мәдени іс-шараларға, COVID-19 бойынша қолайсыз өңірлер мен елдерге олимпиадаларға шығуы, экскурсиялар;

«Ashyg» пилоттық жобасы іске асырылатын нысандарды қоспағанда, қызметі қайта іске қосылмаған нысандарға (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, боулинг-орталықтар), балалар ойын-сауық орталықтарына (жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар), батуттарға, кальян, букмекерлік кеңселерге баруға әлі де тыйым салынады.

Демалыс (сенбі және жексенбі) күндері жұмысы тоқтатылатын нысандар:

– сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда желілері, көтерме-тарату орталықтары, алаңы 2 000 шаршы метрден астам азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған) (азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды, сұлулық салондарын, химиялық тазартқыштарды қоспағанда).

Сенбі және жексенбі күндері жұмысы тоқтатылатын нысандар:

– сауна, СПА-орталықтар, массаж салондары, бассейндер («Ashyg» пилоттық жобасы жүзеге асырылатын нысандарды қоспағанда);

– жабық базарлар.

Жексенбі күндері ашық базарлар жұмыс істемейді (азық-түлік және азық-түлік емес).

Қоғамдық тамақтандыру нысандарының жұмыс режимі 9.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі (толтырылуы 30 отыратын орыннан аспайды). Сенбі және жексенбі күндері сауда-ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, сауда желілерінде, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларда (жеке үй-жайларда) орналасқан қоғамдық тамақтандыру нысадарының қызметіне тыйым салынады.

Фудкорт санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте және негізгі нысанның жұмыс уақытын белгілей отырып, тек тамақты алып шығу және жеткізу (тамақтану залын ұйымдастырмай және үстелдерді орналастырмай) үшін жұмыс істей алады.

Сенбі және жексенбі күндері қалааралық облысішілік тұрақты жолаушылар тасымалы тоқтатылады: Қарағанды – Теміртау – Қарағанды; Қарағанды – Саран – Қарағанды; Қарағанды – Шахтинск – Қарағанды; Қарағанды – Абай – Қарағанды; Қарағанды – Шахан – Қарағанды; Қарағанды – Топар-Қарағанды.

Бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үй іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.

– Енгізілген шектеу шаралары ең алдымен бір мақсатты көздейді – бұл байланыстарды азайту, аурудың өсуіне жол бермеу, сапалы дезинфекциялық өңдеу жүргізу мүмкіндігі, – деп атап өтті Юрий Залыгин.

Ол тұрғындарды санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған