Қарағанды облысында қоғамдық көліктің санитарлық жағдайын бақылау күшейтілді

Қарағанды облысының қоғамдық көлігі төтенше жағдай кезінде әдеттегі режимде жұмыс істейтін болады. Автобустардың жағдайына қатысты санитарлық бақылау күшейтіледі. Шаралар қалааралық маршруттарға да қатысты болады.

Облыстың барлық автопарктері күшейтілген санитарлық бақылау режиміне көшті. Автобустар әрбір рейс басталар алдында және аяқталғаннан кейін дезинфекциялық ерітінділермен өңделеді. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автопарктерге күн сайын қызметкерлерді тексеруді ұсынды. Егер оларда кірерде аурудың белгілері болса, жүргізушілер мен кондукторлардың жұмысқа кірісуіне жол берілмеуі мүмкін.

– Облыс аумағына кіре берістерде санитарлық бекеттер ұйымдастырылды. Олар Нұра ауданында, Жезқазған, Теміртау, Балқашта бар және екі бекет Қарағандыда ашылды. Бекеттерде коронавирустық инфекция белгілері бар келушілерді анықтайтын болады, – деп хабарлады тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров.

Сондай-ақ, ол төтенше жағдай режимі кезінде тұрғындарға такси нөмірлері мен жүргізушілердің байланыс деректерін есте сақтау керектігін атап өтті. Бұл жұқтыру жағдайында эпидемияға қарсы іс-шараларды барынша жедел жүргізу үшін қажет.

ТЖ режимі кезінде қазақстандықтарға мүмкіндігінше үйде қалып, адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тартуы ұсынылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған