Қарағанды облысында өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі 1,5 трлн теңгеден асты

Қарағанды облысында өнеркәсіптегі өсу жалғасуда. Басқа экономикалық көрсеткіштер бойынша да оң серпін сақталады. 2020 жылдың  жеті айында өңірдің өнеркәсіп кәсіпорындары 1,5 трлн теңгеден астам сомаға өнім өндірді.

Есеп беру кезеңінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары туралы Экономика басқармасының басшысы Азамат Муканов онлайн режимдегі аппарат жиналысында мәлімдеді.

– Өнеркәсіп өнімдерінің физикалық көлем индексі 3,7% деңгейінде болжамданған. Көлем 1 трлн 583,9 млрд теңгені құрайды. Өндіруші өнеркәсіпте болжамды өсу – 4,3%, тау-кен өндіруші – 5,5%, – деп мәлімдеді баяндамашы.

Облыста көмір, темір және мыс кенін, мырыш концентраттарын өндіру ұлғайтылды. Тегіс прокат өндірісі 15,1%-ға, тазартылған мыс –9,4%-ға өсті.

Негізгі капиталға инвестициялар 373,4 млрд теңге көлемінде күтілуде.

Құрылыс саласында өркендеу жүріп жатыр. Өсу 184 млрд теңге көлемімен 9% деңгейінде болжамданады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,4 %-ға артық 237,4 мың шаршы метр баспана салынды.

Облыста мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі ұлғайды. Жалпы ауыл шаруашылығы бойынша өсу шамамен 2,5% құрайды.

2020 жылы облыс экономикасының 3 пайыз өсуі жоспарланған. Инвестициялар 2,3%-ға ұлғаюмен шамамен 830 млрд теңге құрауы тиіс.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек оң серпінді сақтау бойынша тапсырмалар берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған