Қарағанды облысында «Мың бала» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Мың бала» өңірлік жобасының жеңімпаздары болған Қарағанды облысының екі өкілі республикалық байқауға қатысты. Тілдерді оқыту орталығының әдіскері Мунира Ағымбаева мен Бұқар Жырау ауданы Тасшоқы ауылының орта мектебінің оқушысы Минара Гучигова алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Мың бала» жобасы жастар арасында руханият пен патриоттық құндылықтарды, мемлекеттік тілді дамытуға және түрлі этностар өкілдері арасында қазақ халқының дәстүрлері мен тарихын насихаттауға бағытталған. Қазақстан халқы Ассамблеясы мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрады. Олардың негізі – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы.

Өңірлердегі этномәдени бірлестіктер мен білім беру мекемелерінің өкілдері республикалық деңгейдегі жобаларға белсенді қатысуда.

Облыстық онлайн-байқауға мыңға жуық адам өтініш берді – бұл түрлі этнос өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, қалалар мен аудандардың оқушылары. Байқауға қатысушылардың жасы – 15-тен 23 жасқа дейін. Нәтижесінде біздің өңірден жобаның екі үздік қатысушысы республикалық конкурсқа жіберілді.

20 қарашада ZOOM форматында ҚХА төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілхановтың, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Майя Бекбаеваның, «Қоғамдық келісім» РММ басшысы Ербол Шәуеновтің, сондай-ақ облыстық Ассамблея өкілдерінің қатысуымен республикалық конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Онлайн-іс-шараға еліміздің барлық өңірлеріндегі этностардың жас өкілдері жиналды, олар мемлекеттік тілді жетік меңгерген және «Асыл сөз», «Тіл мектебі» және «Абай-175″номинацияларымен марапатталды.

Қарағанды облысынан тілдерді оқыту орталығының әдіскері Мунира Агымбаева мен Бұқар Жырау ауданы Тасшоқы ауылының орта мектебінің оқушысы Минара Гучигова әлеуметтік желілердегі «Abaıdyń 175 jyldayǵy» акциясының үздігі алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

– Мемлекеттік тілді білу және оны еркін меңгеру – уақыт талабы, ал ең бастысы – Отанға және қазақ халқына деген құрмет, – деп есептейді Минара Гучигова.

Естеріңізге сала кетейік, биыл облыста мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған онлайн-іс-шаралар, бейнеконкурстар, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған челлендждер, сондай-ақ «Бірге өмір сүру», «Менің Қазақстаным» жобалары ұйымдастырылды.

karaganda/press/news

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған