Қарағанды облысында мобильдік топтар санитарлық нормалардың сақталуын бақылайды

Қарағанды облысында кәсіпорындар мен ұйымдарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылау күшейтілді. Бұл қызметті атқаруға арнайы құрылған мобильді топтар көмектеседі, сондай-ақ бизнесмендермен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Топ құрамына санитарлық дәрігерлер, полицейлер, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірді.
Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерді Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігерінің №20 қаулысымен танысуға және онда көрсетілген шаралардың сақталуына қатаң бақылауды қамтамасыз етуге шақырады. Қаулының талаптарын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Бизнес өкілдері кеңес алу үшін Қарағанды облысы Кәсіпкерлер Палатасының заңгерлеріне +7-701-511-95-70 (Алхайдар Асқаров) және +7-701 – 369-91-22 (Азамат Даненбаев) нөмірлері бойынша хабарласа алады.

Сондай-ақ қажетті ақпаратты әлеуметтік желілердегі парақшалар мен мессенджерден де алуға болады: Facebook: https://www.facebook.com/groups/krgbusiness / («Қарағанды және Қарағанды облысындағы Бизнес»), Instagram: https://www.instagram.com/yernar.kulpeisov/?hl=ru және Telegram: https://t.me/karaganda_business.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған