Қарағанды облысында «Менің туым. Менің Отаным!» акциясы өтуде

16-18 желтоқсан аралығында Қарағанды облысында тұрғын үйлердің терезелері мен балкондарына Қазақстан  туын ілуді қарастыратын «Менің туым. Менің Отаным!» бұқаралық челленджі өтеді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған барлық іс-шаралар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі.

16 желтоқсан сағат 10.00 де Қарағанды қаласы «Менің туым. Менің Отаным!» челленджіне бастау берді, аталған челленджді Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев, Саран, Шахтинск қалалары жалғастырады.

Қарағанды қаласында «Қарағанды» қонақ үйінің балконына 20-ға жуық ту ілініп, жастар жалаушаларды алып атаулы челленджді Балқаш қаласына жолдады.

Сонымен қатар 17-18 желтоқсан күндері  Абай ауданында 20-ға тарта автокөліктермен авто-мото шеруі ұйымдастырылады ал, Ақтоғай, Шет, Жаңаарқа аудандарында 25-ке жуық ат мінген жастар, аудан тұрғындары туды ұстап өңірлердің басты көшелерінде челленджді жалғастырады. Аталған челленджге тұрғындар тарапынан үлкен қызығушылық танытылып, әлеуметтік желілерде үлкен қолдауларға ие болуда.

17-18 желтоқсан күндері қалған қалалар мен аудандар аталған челленджді жалғастырады.

Сонымен қатар, «Табысқа бастайтын жол» онлайн – челленджі, «Менің туған өлкем. Өркендеу мен табыс серпіні» онлайн марафоны, өңірлердің дамуын қысқаша бейнероликтер фотоесептер облысқа танымал, Тәуелсіздікті құруға елеулі үлес қосқан көрнекі қазақстандықтар, еңбек ардагерлері, жастар өкілдерінің  бейне құттықтауларын әлеуметтік желілерде, LED экрандарда шығару ұйымдастырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған