Қарағанды облысында КВИ жұқтырудың тағы жеті оқиғасы тіркелді

Қарағанды облысында 15 мамырда коронавирустық инфекция жұқтырудың тағы жеті оқиғасы тіркелді.

Ауырғандар: Қарағандының екі тұрғыны – 1995 ж. т. қыз және 1986 ж. т. ер адам; Теміртаудан төрт адам – 1973 ж.т. әйел және 1969, 1971 және 1987 ж. т. үш ер адам; Жезқазған қаласының 1995 ж. т. тұрғыны. Пациенттер инфекциялық стационарға жатқызылды.
ПТР-талдау оларда COVID-19 барын растады.

Байланыста болған адамдар анықталды, олардың барлығы медициналық бақылауға алынды. Жұқтыру ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар өткізілді.

15 мамырдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында 219 жұқтыру оқиғасы анықталды, оның ішінде 3 науқас көз жұмды және 143 адам ауруханадан шығарылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған