Қарағанды облысында коронавирус симптомдарын онлайн тексеру ұсынылды

Damumed көмегімен үйден шықпай-ақ дәрігердің кеңесін алуға болады: мобильді қосымша COVID-19-ға тән симптомдарды қадағалауға көмектеседі. Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы және ДАМУ Ақпараттық технологиялар орталығы компаниясы Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен «виртуалды патронаж» жобасын іске қосты.

Damumed бағдарламасын Play Market немесе Apple Store арқылы тегін көшіріп алуға болады. Мобильді қосымшаның көмегімен біздің әрқайсымыз COVID-19-ға тән симптомдарға мониторинг жүргізе аламыз. Қосымша орнатылған адамда денсаулығына қатысты үрей туындаса, күн сайын немесе күніне бірнеше рет шағын чек-парақты толтыра алады. Мұны балалар үшін де, қарт ата-аналар үшін де жасауға болады.

Толтырылған чек-парақты учаскелік дәрігер мен Қарағанды облысының коронавирус жөніндегі штабының мамандары көреді. Дәрігер пациенттің симптомдарын зерттейді және оған қоңырау шалу, немесе үйге келу, немесе карантинді анықтау туралы шешім қабылдайды.
Егер адам үй карантинінде болса, ол күн сайын өзінің денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді жіберуі тиіс. Учаскелік дәрігерде белгі қағазы бар – оның көмегімен карантиндегі пациентті қадағалайды.

«Виртуалды патронаж» бізге дәрігердің қабылдауына бару аса қажет болмаған жағдайда үйден шықпауға көмектеседі. Егер сізде респираторлық ауру белгілері болса, жай ғана дәрігеріңізге мәлімет жіберіңіз.

Жобаның басты міндеттерінің бірі – COVID-19 бойынша қолайсыз жағдайы бар елдерден келген пациенттерді жедел бақылау және Қазақстан аумағы бойынша вирустың таралуына мониторинг жүргізу.
Қарағанды облысы өз тәжірибесімен бүкіл елмен бөлісуге дайын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған