Қарағанды облысында карантинді күшейту бойынша қосымша шаралар енгізілуде

Қарағанды облысында 27 маусымнан бастап карантиндік шектеулер күшейтіледі. Бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданып отырған шара. Коронавирустық инфекцияға қатысты аурушаңдық төмендемеуде. Күн сайынғы өсім 4,4% құрады, республикалық көрсеткіш 2,4.

Бұл туралы Saryarqa телеарнасындағы тікелей эфирде өткен брифингте Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров мәлім етті.

– Аурудың өсуіне карантин жағдайында қойылатын талаптардың бұзылуы ықпал етті: маскалық режимді, әлеуметтік қашықтықты сақтамау. Қауіпсіздік ережелерін адамдардың өздері де, кәсіпорын әкімшілігі де елемейді. Мобильдік топтар өз қызметін қайта бастаған 153 нысанда бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысының талаптары бұзылғанын анықтады. Негізінен бұл қоғамдық тамақтану, сауда, қоғамдық көлік нысандары, – деп атап өтті спикер.

Осының барлығы жұқтыру қаупін жоғарылатады және карантин режимін қатаңдатуға мәжбүр етеді, деп атап өтті облыстың бас санитарлық дәрігері.

Ол КВИ таралуының алдын алу бойынша қосымша шаралар енгізу туралы айтты.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары қысқартылған жұмыс кестесіне көшеді – 09.00-ден 14.00-ге дейін. Мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі онлайн режимінде ұсынылатын болады.

Қала ішіндегі қоғамдық көліктің жүру уақыты – сағат 06.00-ден 21.00-ге дейін шектеледі. Жолаушыларды салонға тек алдыңғы есік арқылы кіргізеді, ал шығу барлық есіктерді бір сәтте ашқан кезде жүзеге асырылады. Осы талаптың сақталуын бақылау қатаң болуы тиіс.

Жолаушыларды таксимен тек бір адамнан немесе кәмелетке толмаған екі баланы ертіп жүрген бір ересек адамды тасымалдауға жол беріледі.

– Қазіргі уақытта тамақтану объектілерінің қызметіне қатысты қосымша шаралар енгізу мәселесі өзекті болып тұр, өйткені коронавирустық инфекция жағдайларын талдау барысында отбасылық жұқтыру оқиғаларын тіркеу фактілерінің жиілегенін куәландырады. Көптеген жағдайларда ауру жұқтырғандар өздерінің жұқтыруын үй жағдайында да, мейрамханаларда да, дәмханаларда да өткізілетін түрлі жаппай салтанатты, отбасылық, еске алу іс-шараларға қатысуымен байланыстырады. Ауру одан әрі өршіген жағдайда қоғамдық тамақтандыру нысандарының жұмысын тек жеткізу режиміне ауыстыру мәселесі қаралады, – деді Қанат Асқаров.

Сонымен қатар бұрын енгізілген шектеу шаралары қолданылуда:

– 65 жастан асқан адамдарға аса қажетсіз көшеге шығу шектелген;

– 14 жасқа дейінгі балалардың ересектерсіз жүруіне, отбасы мүшелерінен басқа, үш адамнан артық адамдардың жиналуына тыйым салынады;

– қоғамдық тамақтану объектілеріне келушілердің саны 30 адамға дейін шектелген, әлеуметтік ара қашықтық пен отырғызу және жұмыс тәртібі 08.00-ден 22.00-ге дейін;

– бұқаралық (ұжымдық) іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;

-сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (орталықтарының), азық-түлік және азық-түлік емес базарларының жұмыс күндері мен демалыс күндері жұмыс уақыты шектеулі. Демалыс СОО, сауда үйлері және азық-түлік емес дүкендер сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Базарлар міндетті санитарлық күнге жабылады.

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қарағандылықтарды осы талаптарды орындауға, өз денсаулығын сақтауға шақырды.

Ол маска киюдің пайдасы жоқ деген пікірді жоққа шығарды.

– Маскаларды пайдалану инфекцияның алдын алуға көмектеседі. Маска, оны дұрыс пайдаланған жағдайда, жұқтырған адамның сілекей тамшыларын ұстап қалады. Сонымен қатар, ол ауыздың, мұрынның шырышты қабаттарын көптеген адамдарды лас қолдардан келетін бактериялардан қорғайды. Дені сау адам вирус жұқтырғанбардың ұстаған заттарына қолымен жанасады, содан кейін ластанған қолдарымен өз бетін ұстайды – осылайша микроорганизмдер мұрынның, ауыздың, көздің шырышты қабаттарына түседі және иммунитет төмендеген кезде бүкіл ағзаға таралады, – деп түсіндірді спикер.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған