Қарағанды облысында көктемгі егіс жұмыстарына кірісті

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысының бірнеше аудандарында шаруалар дәнді-дақылдар егу жұмыстарына кірісті. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен аппарат жиналысында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сағынжан Апақашов мәлім етті.

Дәнді-дақылдарды егуге Абай, Бұқар Жырау, Жаңаарқа және Шет аудандарының шаруалары кірісті. Қазіргі таңда барлығы 21,9 мың гектар алқапқа егін егілді. Оның ішінде 12,8 мың га жерге бидай егілген. Абай ауданында 65 га картоп, 25 га басқа да көкөніс өсірілуде.
Қалған аудандарда топырақты дайындау жұмыстары аяқталуда. 96 мың гектар жерде егіс алдындағы өңдеу, ал 33 мың гектарға көктемгі өңдеу жүргізілді.
Фермерлер дизель отынымен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күнге дейін 3 977 тонна жөнелтілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған