Қарағанды облысында халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету бойынша 90 жоба жүзеге асырылуда

Қарағанды облысында халықты орталықтандырылған ауыз сумен және су бұрумен қамтамасыз ету бойынша 90 жобаны іске асыру жалғасуда. Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді.

– «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында халықты орталықтандырылған ауыз сумен және су бұрумен қамтамасыз ету бойынша 13,8 млрд.теңгеге жобалар іске асырылуда, бұл жыл қорытындысы бойынша қала халқын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуді 98%-ға, ауыл халқын – 89,9%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді, – деп хабарлады Жеңіс Қасымбек. – Қала халқы 100%-ға 2021 жылға қарай, ал 2023 жылға қарай ауыл тұрғындары қамтамасыз етіледі.

Қарағанды облысында Жезқазған мен Сәтбаевты тұрақты сапалы сумен жабдықтау мәселесі өзекті болды. Қазір «Қазақмыс» корпорациясының қаражаты есебінен Кеңгір су қоймасынан 1 шақырым резервтік су тартқыштың құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін Үйтас-Айдос суағарын қайта жаңарту жобасы әзірленеді. Бұдан басқа, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құны 7,01 млрд. теңгені құрайтын Есқұла су тартқышын салу және қайта жаңғырту жобаларын іске асыруда.

Мұның бәрі Жезқазған мен Сәтбаев тұрғындарын үздіксіз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған