Қарағанды облысында ерекше балалар асырап отырған отбасыларға кәсіпкерлер көмектесті
Фото: karaganda-region.gov.kz
«Коктем» ЖШС» КФ» компаниясы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 30 отбасын гигиеналық құралдармен қамтамасыз етті.
Қайырымдылық көмек көрсететіндерге мұқтаж отбасылардың тізімін Қарағанды облысы бойынша «Талбесік» көп балалы аналар қозғалысының өкілдері берді.
– Бүгін бұл отбасыларды кеңсеге шақырып, оларға көмек берді. Әр ана гигиеналық құралдар бар пакет алды. Бізге көмектескен кәсіпкерлерге үлкен рахмет, – деді Қарағанды облысы бойынша «Талбесік» көп балалы аналар қозғалысы жетекшісінің орынбасары Айжан Байділдинова.