Қарағанды облысында екі қысқы онлайн спартакиада өтуде

Өңірде онлайн форматта облыстық спорт жарыстарының үшінші кезеңі басталды. Бұл қалалар арасындағы «Қарлы қыс – 2021» XXXI облыстық қысқы ауылдық спартакиадасы және «Ақ қыс – 2021» XVIII қысқы спартакиадасы. Жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.

Олар үш кезеңде өткізіледі. Бірінші – екінші (қаңтар-ақпан) – қалалық және аудандық онлайн біріншіліктер. Үшінші кезең (17-21 ақпан) – қалалар мен аудандардың құрама командалары арасындағы облыстық спартакиадалар (финал).

Жарыс бағдарламасына спорттың үш түрі кірді: қысқы Президенттік көпсайыс, шаңғы жарысы (эстафета) және конькимен жылдам жүгіру.

Әр команда 16 адамнан тұрады. Жас мөлшері – 18 жастан жоғары. Жарысқа облыстың тоғыз ауданының және барлық қалаларының құрамалары қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, «Қарлы қыста» 2020 жылы Абай ауданы, «Ақ қыста» – Қарағанды жеңіске жеткен болатын.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған