Қарағанды облысында Egov бұрыштары ашылады

Қарағанды облысында Egov қосымша бұрыштары ашылады. Олардың барлығы компьютерлермен немесе делдалсыз онлайн режимінде 80%-ға дейін мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін арнайы терминалдармен жабдықталады.

Мұндай бұрыштар ХҚКО-нан өзіне-өзі қызмет көрсету пункттерін алып тастауды шешкеннен кейін адамдар көп жиналатын орындарында орнатыла бастады.
Қарағандыда Egov бұрыштары «Бипек Авто», «Бахус», «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және т.б. ғимараттарында пайда болды. Электрондық-сандық қолтаңбаны алу және мобильдік азаматтар базасында тіркеу үшін egov порталындағы виртуалды ассистенттің көмегін пайдалану қажет. Егер қиындықтар туындаса, көрсетілетін қызметті алушы 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, оған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары кеңес береді.

Қазақстандықтардың үш санатына бұрынғыдай ХҚКО ғимараттарында электрондық қызмет көрсететін болады. Оларға зейнеткерлер, көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі адамдар жатады. Қызмет алу үшін кезекті алдын ала брондау қажет.
Қазір облыс басшылығы «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-мен Қарағанды қаласында ғана емес, сондай-ақ өңірдің басқа да қалаларында қосымша бұрыштар орнату туралы келіссөздер жүргізуде.

Қазақстанда Egov-тың 600-ге жуық бұрышы жұмыс істейді, тағы 400-ге жуығын жақын арада ашу жоспарлануда. Оларды аудан әкімдіктерінің ғимараттарында, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда, сауда-ойын-сауық орталықтарында және басқа да адамдар көп шоғырланатын орындарында орналастырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған