Қарағанды облысында дәрі-дәрмек бағасын көтеру жағдайлары анықталды

Қарағанды облысының прокуратурасы полициямен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен, Экономикалық тергеу және Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірге дәрі-дәрмектердің бағасын көтеру жағдайларын анықтау бойынша рейдтер өткізуде. Бүгінгі таңда мобильді топтар 5 шілдеден бастап дәрілерге белгіленген шекті бағаның артуының 45 фактісін тіркеді.

Тоғыз ереже бұзушыға 1,2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. 36 жағдай бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті кінәлілерді жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдайды.

Мысалы, «Лазолван Юниор»-дың шекті бағасы 1635 теңгенің орнына 2 900 теңгеден және «Кардиомагнил»-ға белгіленген 1 797 теңге бағадан асырып, 2 000 теңгеге сатылғаны үшін Абай ауданы Топар кентіндегі дәріхана иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабының 1-тармағы бойынша 180 540 теңгеден әкімшілік айыппұл салынды.

Жезқазған қаласындағы Laif дәріханасының фармацевтіне «Прегабалин» дәрмегін дәрігердің рецептісіз сатқаны үшін 97 230 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Қарағанды облысының тұрғындары да мобильді топтарға дәрі-дәрмектердің бағасын негізсіз көтеру немесе рецептуралық препараттарды сату жағдайлары туралы прокуратураға (8-7212) 35-35-33 және 8-702-111-40-06 телефондарының байланыс нөмірлері бойынша хабарлап көмектесе алады.

Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған