Қарағанды облысында COVID-19 жаңа жағдайлары туралы

16 мамырда Қарағанды облысында коронавирустық инфекция жұқтырудың тағы 13 жағдайы тіркелді.

Ауруға шалдыққандар: 1994 ж.т. ер адам және 1970 ж.т. әйел; 1994 ж.т. Топар тұрғыны; 1956, 1969, 1989 ж.т. үш ер адам және Бұқар Жырау ауданынан 1962, 1975, 1996 ж. т. үш әйел; Шахтинск қаласынан 1994 ж.т. ер адам; Теміртау қаласының үш тұрғыны – 1982 ж.т. ер адам және 2005 және 2016 ж. т., 2005 ж. т. балалар. Барлығы осыған дейін коронавирус жұқтырған науқастармен байланыста болған.
ПТР-талдау оларда COVID-19 барын растады.
Пациенттер инфекциялық стационарға жатқызылды.

Байланыста болған адамдар анықталды, олардың барлығы медициналық бақылауға алынды.
Жұқтыру ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар өткізілді.

16 мамырдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында 232 жұқтыру оқиғасы анықталды, оның ішінде 3 науқас көз жұмды және 146 пациент ауруханадан шығарылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған