Қарағанды облысында COVID-19 жаңа жағдайлары туралы

Өткен тәулік ішінде Қарағанды облысында коронавирус жұқпасының 90 жағдайы тіркелді.

ПТР-зерттеулер 90 емделушіде COVID-19 барын растады.
Оның ішінде 60-ы бұрын жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болса, 24 адам КВИ-ге скрининг нәтижесінде анықталды.
Барлық пациенттер инфекциялық стационарларға жатқызылды.

Қазіргі уақытта ауырғандардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Жұқтыру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Қарағанды облысында 23 мамырдағы жағдай бойынша 562 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде 3 науқас көз жұмды және 190 адам сауығып кеткен.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған