Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырған тағы 11 науқас сауығып кетті

Бүгін, 23 сәуір күні Қарағанды облысында коронавирус инфекциясынан ем алып жатқан 11 пациент сауығып шықты.

Барлық сауығып кеткендер – қарағандылықтар. Бұл 1960, 1984, 1989, 1991, 1992 жылы туған бес әйел және 2015 жылы туған қыз бала. Сондай-ақ, 1958 жылы туған ер адам, 2003, 2007, 2008 жылы туған үш жасөспірім, 2012 жылы туған ұл бала. Бұл науқастардың онында денсаулық жағдайы жеңіл ауырлық дәрежесі ретінде және бір науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланған болатын. Толық емдеу курсынан және теріс нәтиже көрсеткен екі ПТР-талдаудан кейін, олардың барлығы одан әрі үй карантиніне шығарылды.

Қарағанды облысында сауықтырылғандардың жалпы саны 30 адамды құрады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған