Қарағанды облысында COVID-19-дан тағы 24 адам сауығып кетті

Қарағанды облысында 2 маусымда коронавирусқа шалдыққан тағы 24 науқас ауруханадан шығарылды.

Оның ішінде 12 қарағандылықтар: 1966, 1976, 1980, 1990, 1997 ж. т. әйелдер және 1939, 1967, 1969, 1976, 1981, 1988, 1997 ж.т. ерлер. Теміртау қаласының 10 тұрғыны: 2010 ж. т. бала, 1954, 1974 ж. т. әйелдер, 1972, 1979, 1979, 1980, 1985, 1989, 1992 1971 ж. т. ер адамдар және Саран қаласының 1963 ж. т. бір тұрғыны.
Толық емдеу курсынан өткен соң және ПТР-талдау екі мәрте теріс нәтиже көрсеткеннен кейін пациенттер үй карантинін сақтау шартымен ауруханадан шығарылды.

Қарағанды облысында 2 маусымға келіп түскен мәліметке сай, сауыққандардың жалпы саны 280 адамды құрады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған