Қарағанды облысында бірінші кезеңде 3 мыңға жуық үй газдандырылады

Қарағанды облысында тоғыз қала мен 114 елді мекенді газдандыру жоспарланған. Бірінші кезеңде көгілдір отын үш ірі қаланың тұрғындарына беріледі. Теміртау мен Жезқазғанда желілер дайын. Қарағандыда құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың көктемінде аяқтау жоспарланған.

Үкімет отырысында өңірді газдандыру барысы туралы премьер-министр Асқар Маминге облыс әкімі Жеңіс Қасымбек баяндады.

– Бірінші кезеңде үш қалада 3 мыңға жуық үй газбен қамтылады. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталып, Теміртау мен Жезқазғанда қабылдау актілеріне қол қойылды. Желілерді «ҚазТрансГаз» АҚ сенімгерлік басқаруына беру рәсімі басталды. Осыдан кейін 1 056 үй газ ала алады. Газ тұтыну көлемі тұтынушылардың дайын болуына қарай жылына 6 млн текше метрді құрайды, – деді Жеңіс Қасымбек.

Қарағандыда құрылыс жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде. Қазіргі уақытта көлемнің жартысынан астамы орындалды, құрылыс 2021 жылдың мамыр айында аяқталады деп жоспарлануда. Облыс орталығында тұтыну көлемі 22 млн текше метр болатын 1 865 үйге газ беріледі.

Өңірді газдандыру жалғасатын болады. 2021 жылға Қарағандыда, Теміртауда және Жезқазғанда екінші іске қосу кешенінің, Саран қаласында, Ақтас және Дубовка кенттерінде газ құбырының құрылысы жоспарланған. Қаржыландырудың қолдауымен Жаңаарқа, Оскаров, Шет аудандарын, Шахтинск, Қаражал қалаларын және Жәйрем кентін газдандыруды бастауға болады.

/karaganda/press/news/

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған