Қарағанды облысында 700-ден астам оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаға қатысады

Қарағанды өңірінде аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысатын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші, облыстық кезеңі өтеді. Зияткерлік жарыстар онлайн форматта ұйымдастырылып, 27 ақпанға дейін жалғасады. Оған жалпы білім беретін 16 пән бойынша 9-11 сыныптардың 777 оқушысы қатысады.

Білім басқармасының хабарлауынша, биыл алғаш рет олимпиадаға «Өзін-өзі» тану пәні енгізілді.

«Сонымен қатар, «Дарын» РҒТО жіберген олимпиада тапсырмаларын балалар компьютер мен интернетті пайдалана отырып, өз бетінше жүктеп алады.  «Сарыарқа дарыны» РҒТО-ға дейін бөгде ресурстарды көруіне жол бермеу үшін ZOOM платформасының көмегімен бейнебақылау және Faсebook-та тікелей трансляция жүргізіледі», – деді ұйымдастырушылар.

Олимпиадаға қатысушылардың орындалған тапсырмалары шифрланады және қазылар алқасына тексеруге беріледі. Жұмысты тексергеннен кейін шифрлаушыларға жіберіледі, олар шифрлау тізімдемесіне қатысушылардың аты-жөндерін қояды. Содан кейін қазылар алқасы хаттамаларды және шешімді толтырады, онда олимпиадашылардың жинаған ұпайларын көрсетеді және әрбір пән бойынша төртінші кезеңнің қатысушыларын анықтайды.

Олимпиада нәтижелері «Сарыарқа дарыны» орталығының сайтында, сондай-ақ @saryarkadaryny телеграм-тобында қолжетімді болады.

Олимпиада жеңімпаздары республикалық кезеңге қатысады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған