Қарағанды облысында 2021 жылы 34 мыңға жуық жұмыс орны ашылады

2021 жылы Қарағанды облысында тұрақты жұмыс орындарын құру басым бағыттарға айналады. Барлығы 33 700 жаңа жұмыс орны ұйымдастырылады. Әлеуметтік қорғау саласын не күтіп тұрғанын Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова айтып берді.

– 2021 жылы халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейін арттыруға жол бермеу мақсатында «Еңбек» және «ЖҚЖК» бағдарламаларымен 35 мыңнан астам адамды қамту жоспарлануда. Олардың 60%-ы тұрақты, – деді Әсем Жүніспекова.

«Еңбек» бағдарламасы бойынша кәсіптік оқытудан өткізіп, кепілді түрде жұмысқа орналастыруға 1 280 адамды жіберу және «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 1500 адамды оқыту жоспарланған.

Сондай-ақ, облыс тұрғындары субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасады. Мәселен, биылғы жылы келесі бағыттар бойынша жұмыстар жоспарланған:

– әлеуметтік жұмыс орындары – 487 адам;

– жастар тәжірибесі – 872 адам;

– қоғамдық жұмыстар – 4 345 адам.

Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша биыл отандық тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі.

– Өткен жылы Жұмыспен қамту бағдарламаларымен 50 мыңнан астам адам қамтылды. 30 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 19 575 тұрақты жұмыс орны. Қазіргі уақытта еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. Биыл құрылыс және тұрақты жұмыс орындарын құру басымдыққа ие. Сондай-ақ, ЖҚЖК аясында несие беру арқылы кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетіледі. Қазір жұмысты бастау керек, – деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек. – Қазірдің өзінде жобалар болуы тиіс.

Сондай-ақ, әлеуметтік қорғау жүйесіндегі басым мәселелердің бірі мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Қазіргі уақытта өңірде 67 мыңнан астам адам тұрады. Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 2021 жылы олар ОТҚ-ның 55 түрімен және қызметтермен қамтамасыз етілетін болады. Енді мүгедектігі бар адамдар өздерінің жеке қажеттіліктеріне қарай техникалық құралдар мен оңалтуды өз бетінше таңдай алады.

Соңғы 5 жылда әлеуметтік қорғау саласын қаржыландыру 3,5 есеге артты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған