Қарағанды облысында 16 мамырда COVID-19 дертінен үш адам сауығып кетті

Бүгін, 16 мамырда Қарағанды облысында ауруханадан КВИ жұқтырған үш адам шығарылды.

1958 және 1996 ж. т. екі қарағандылыққа дәрігерлер осыған дейін орташа дәрежедегі коронавирус диагнозын қойған.
Абай қаласында тұратын 1996 ж. т. қыз да дерттің орташа дәрежесімен ауырған.

Толық емдеу курсынан өткен соң және екі мәрте ПТР-талдау теріс нәтиже көрсеткеннен кейін емделушілер үй карантиніне шығарылған.

16 мамырға келіп түскен мәліметке сай, Қарағанды облысында сауыққандардың жалпы саны 146 адамды құрады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған