Қарағанды облысында 15 мамырда COVID-19 вирусын 14 адам жеңіп шықты

 15 мамырда Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияға шалдыққан 14 науқас ауруханадан шығарылды.

Бес қарағандылықта – 1968, 1980, 1994, 1995 ж.т. ерлер және 1969 ж. т. әйелде дәрігерлер бұрын орташа ауырлық дәрежедегі КВИ диагностикалаған.

Теміртау қаласының бес тұрғыны – 1961 ер адам. 1964, 1971 және 1972 ж. т. және 1962 ж. т. әйелдерде орташа ауырлықтағы коронавирус болды.

Нұр-Сұлтаннан келген үш пациент – 2016, 2019 ж. т. балалар және 1989 ж. т. ер адамда да сондай-ақ орташа ауырлық дәрежедегі COVID-19 болған.

Сонымен қатар Шахтинск қаласының 1983 ж.т. тұрғыны орташа ауырлық дәрежедегі КВИ-мен ауырды.

Толық емдеу курсынан өткен соң және екі мәрте ПТР-талдау теріс нәтиже көрсеткеннен кейін пациенттер үй карантинін сақтау шартымен жазылып шықты.

15 мамырға Қарағанды облысында сауыққандардың жалпы саны 143 адамды құрады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған