Қарағанды облысы «сары» аймаққа енді!

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес облыс бүгіннен бастап «сары» аймаққа ауысты, R – сырқаттанушылық көрсеткіші 1,053-ті құрайды.

Айта кетейік, өткен тәулікте облыста КВИ жұқтырудың 62 жаңа жағдайы тіркелді.

Әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 05.03.2021 жылғы №10 қаулысы 4-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.

Бұл ретте, шектеу шараларын қатаңдату эпидемиологиялық жағдай 5 күн ішінде күрделенген жағдайда жүргізіледі, осылайша «жасыл» аймақтан «сарыға» көшу осы мерзім өткеннен кейін жүзеге асырылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған