Қарағанды облысы мониторингтік топтарының жұмысы туралы

Қарағанды облысында мониторингтік топтар жұмысын жалғастыруда. Жыл басынан бері олар 12083 нысанды тексеріп, санитарлық-эпидемиологиялық және карантиндік талаптарды сақтаудың 573 бұзушылығын анықтады.

3 қаңтарда Мониторингтік топ Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен қызметке тыйым салынғанына қарамастан заңсыз жұмыс істеген «Skill» компьютерлік клубын анықтады.

Клубта 14 келуші болды, олардың арасында бір кәмелетке толмаған бала болды.

Компьютерлік клуб, сондай-ақ оның барлық келушілері айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Кәмелетке толмаған тұлғаларға қатысты ата-аналарға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 19 қаңтардағы қаулысымен өңір тұрғындарына тыйым салынған қызмет түрі бар объектілерге баруға, сондай-ақ жұмыс режиміне байланысты олар жабылғаннан кейін жұмыс істеп тұрған объектілерде болуға тыйым салынады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған