Қарағанды облысы әкімінің орынбасары мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелері бойынша онлайн-кездесу өткізеді

Құрметті қарағандылықтар!

Сәуірдің 28 күні сағат 16.00-де Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов тиісті облыстық басқарма басшысымен және қала-аудан әкімдерінің орынбасарларымен бірге мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыздың сұрақтары бойынша Zoom платформасы арқылы онлайн жиналыс өткізеді.

Жиынға облыста мүгедектігі бар жандардың құқығын қорғаумен айналысатын қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен белсенділер шақырылады. Алайда, жоспарланған интернет платформада қатысушылар санына қойылған шектеулерге орай онлайн жиынға барлық тілек білдіргендер қатыса алмайды. Сол себепті бұл жиынды әлеуметтік желіде тікелей эфирде беру туралы шешім қабылданды. Өз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды тікелей эфир трансляциясы жүргзілетін жерде коментарий ретінде қалдыра аласыздар. Спикерлер мүмкіндігінше сіздерге жауап беруге тырысады. Үлгермегендерімен жеке-жеке жұмыс жүргізіледі (өздеріңіздің байланыс нөмірлеріңізді қалдырсаңыздар).

Тікелей эфирдегі жиынға әлеуметтік желідегі келесі сілтемелер арқылы қосыла аласыздар: www.facebook.com/akimat09/,

https://instagram.com/akimat09?igshid=1tcbzui5h4tmv.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған