Қарағанды облысы әкімінің халықпен есептік кездесуіне мыңға жуық сұрақтар мен өтініштер келіп түсті

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғындармен есеп беру кездесуін өткізді. Биыл карантиндік шектеулерге байланысты шара онлайн режимінде өтті.

Есептік кездесуге түрлі байланыс арналары бойынша барлығы 986 сұрақ пен өтініш келіп түсті.

Кездесу үш жарым сағатқа созылды. Тікелей эфир кезінде аймақ басшысына 92 адам жүгінді. Сұрақтар әр түрлі салаларға қатысты болды: абаттандыру, ТКШ мәселелері, тұрғын үй мәселелері, медициналық қызмет көрсету және т. б.

Бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайды, деп сендірді Жеңіс Қасымбек.

Есеп беру кездесуінен кейін облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Өңір басшысына тағы 20 адам жүгінді. Негізінен қала тұрғындары коммуналдық және әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етуді сұрады. Қоғамдық сипаттағы өтініштер де болды. Сұрыптау стансасының тұрғыны балаларға қазақ тілін үйрену бойынша тегін курстар ашуды сұрады.

Қабылдауға басқарма басшылары қатысып, әр мәселе бойынша Жеңіс Қасымбек тапсырма берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған