Қарағанды мен Теміртауда пульмонологиялық госпитальдар жұмыс істейді

5 сәуірде COVID-19 төрт адамнан табылды. Олардың барлығы қайтыс болған ер адаммен жақын байланыста болған. Барлық пациенттер инфекциялық бокстарға жатқызылды.

Қарағанды облысында коронавирустық инфекция жұқтырудың 31 жағдайы зертханалық түрде расталды, оның ішінде бір өлім тіркелді.
Үш науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев. Науқастарды емдеу үшін қажеттінің барлы бар – заманауи жабдықтар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрі-дәрмектер бар.

Тәулік бойы бақылауда барлығы 824 адам. Бұл 1А және 1Б санатындағы елдерден (Италия, Франция, Испания, Иран, Германия, Үндістан, Таиланд, Малайзия, БАӘ, Шри-Ланка, Египет) оралған немесе жұқтырған адамдармен шартты түрде байланыста болған азаматтар.
Үй карантинінде 1339 адам бар. Оларға күн сайын облыстық емханалардың қызметкерлері қоңырау шалады.

– Қарағанды мен Теміртауда ЖРВИ белгілері бар, пневмонияға күдікті науқастарды емдеуге арналған жекелеген пульмонологиялық госпитальдар жұмыс істейді, – деп хабарлады Ержан Нұрлыбаев. – Бұл адамдарды коронавирустық инфекцияны жұқтырудың ықтимал қауіптерінен қорғау мақсатында науқастарды оқшаулау үшін жасалған.
ЖРВИ-ның алғашқы белгілері пайда болған кезде бірден телефон арқылы учаскелік дәрігермен (емханаға келудің қажеті жоқ) немесе жедел жәрдемге қоңырау шалу қажет.

Жұмысқа барлығы 690 медицина қызметкері тартылды. Стационарлардың барынша жүктелуі жағдайында тағы да 1125, сондай-ақ әскери лазареттерден 6 дәрігер мен 12 орта медициналық қызметкер, балалар санаторийлерінің жұмысын уақытша тоқтату есебінен 40 маман қосымша іске қосылатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған