Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында «Дәстүр мен ғұмыр» атты көрме ашылды

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында қазақ халқының ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің «Дәстүр мен ғұмыр» атты көрмесі ашылды. Ол жыл соңына дейін жалғасады.

– Көрме «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Дәстүр мен ғұмыр» арнайы жобасы бойынша ашылды. Біздің көрменің негізгі мақсаты – материалдық мұраны, мәдениетті және ұмытылып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту, – дейді мұражай директоры Бибігүл Құдабаева.

Көрмеге XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында жасалған 70 экспонат қойылған. Мұнда киіз үйді көруге болады, онда бір жағынан ер адамдардың құрал-жабдықтары – ер-тоқым, ат әбзелдер және т. б., ал екінші жағында – сандық және басқа да әйелдердің керек-жарақтары қойылған. Сондай-ақ экспозицияға зергерлік бұйымдар, киіз бен ағаштан жасалған ұлттық бұйымдар, «Көш» инсталляциясы ұсынылған.

– Экспонаттардың бір бөлігі өткен жылғы этнографиялық экспедиция нәтижесінде мұражайға келіп түсті. Көрме онлайн және офлайн режимінде өтеді. Экспозиция аясында қазақтың салт-дәстүрін насихаттайтын «Дәстүр сөйлейді» атты бейнеролик түсіреміз. Бірінші бейнероликті сәрсенбіде түсіруді жоспарлап отырмыз. Ол ит аяғына салу дәстүрі – есік көру салты бойынша ауылға келген жаңа келінннің жігіттің туыстары мен достарына танысу үшін қонаққа шақыру рәсімінде оған күміс сақина немесе білезік сыйға тартылғанын көрсету, – дейді ммұражайдың ғылыми қызметкері Назерке Жартын.

Мұражайға келушілер үшін фотоаймақ және зергерлік бұйымдар тізілген жылжымалы қондырғы орнатылған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған